![Әлішер Кәрімов: Конкурстан әркім өзіне керегін алса екен](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77341.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлішер Кәрімов - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі. «Super Star KZ» байқауының финалисі, «Славян базары» және «Ереван шақырады» байқауларында 3-ші орын алған.
Әнші алғаш рет бес жасында «Әнші балапан» байқауында жеңіске жеткен. Әлішердің вокалды тембрі – контр-тенор.
Кітап оқығанды жақсы көреді, әсіресе романдарға әуес. Ал жазушылардан Лев Толстойдың шығармаларын жоғары қояды. Сүйікті әндері әртүрлі: этно-поп, заманауи поп-музыка, сондай-ақ, А.Пугачева, Ф.Киркоров, Shakira және басқа да әншілердің әндерін тыңдайды.
«Қатысушылардың барлығына тілерім: бұл байқау бос өтпесе екен. Яғни, конкурстан әркім өзіне керегін алса деп тілеймін»,-дейді.
Әлішер Кәрімовтің реттік нөмірі – 16.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлішер Кәрімов: Конкурстан әркім өзіне керегін алса екен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15660/)