Президенттің сынынан кейін Qazavtojol филиалының директоры қызметінен босатылды. Компанияның Батыс Қазақстандағы жетекшісі Амир Кәрімбаев жолдарды жөндеу бойынша тапсырманы уақтылы орындамағаны үшін жұмыстан босатылды. Сондай-ақ ұлттық компанияның елордадағы жетекшілері мен автомобиль жолдары комитетінің басшылары да жауапқа тартылды. Айта кетейік, бұған дейін осы себеппен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев те қызметінен шеттетілген еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazavtojol» филиалының директоры қызметінен босатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156631/)