Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізу – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсартудың негізгі қадамдарының бірі. Үкімет басшысы аталған ұйыммен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында осылай деді. Басқосуда еліміздің Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысуы туралы келісімнің қолданылу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту қажеттігі айтылды. Бұдан басқа, Қазақстан Үкіметі мен аталған ұйым арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның қолданысын 2023-2026 жылдарға ұзарту талап етіледі. Үкімет басшысы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын мақұлдап, Қазақстан үшін маңызды емес шығындарды алып тастау үшін бірқатар жекелеген тармақтарды қайта пысықтауды тапсырды.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсартудың негізгі қадамдарын пысықтауды тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156744/)