Финляндия мен Швеция НАТО-ға жуық арада кіре алады. Мұны осы әскери альянстың бас хатшысы мәлімдеді. «Егер олар өтініш беру туралы шешім қабылдаса, біз бұған қошемет білдіріп, процесті жеделдетуге әзірміз», - дейді Солтүстікатлантикалық одақтың жетекшісі. Ресей болса, Финляндия мен Швеция НАТО-ға өтетін болса, Балтық теңізі жағалауындағы Калининград анклавына ядролық қару мен гипердыбысты зымырандарын орнататынын ескертіп отыр. Столтенбергтің пікірінше, Мәскеудің мұндай мәлімдемелері оның өзге елдердің негізгі құқықтарын құрметтей алмайтынын білдіреді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Финляндия мен Швеция НАТО-ға жуық арада кіре алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156848/)