Еліміздегі 56 ұйымның қаржы пирамидасына қатысуы болуы мүмкін. Сондай-ақ, 65 жалған брокер анықталды. Күдікті компания мен заңсыз делдалдардың тізімі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында жарияланды. Агенттікте алаяқтық және қаржы пирамидалармен күрес үшін ведомство-аралық жұмыс тобы құрылған. Ұлттық банк, прокуратура, полиция және басқа да құзырлы орган өкілдері бірлесіп жұмыс істейді. Олар халық арасында қаржылық сауаттылық жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл үшін арнайы медиа-жоспар да әзірлеген. Интернеттегі алаяқтарға алданбау жолдары оқушылар мен студенттерге де үйретіледі.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздегі 56 ұйымның қаржы пирамидасына қатысуы болуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156856/)