Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшиді қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі талқыланды.Мемлекет басшысы Жапониямен арадағы көпжақты экономикалық байланыстарды күшейтуге ниетті екенін айтты. Бұдан бөлек екі елдің БҰҰ аясындағы табысты ықпалдастығын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Өз кезегінде Ёшимаса Хаяши Жапония Үкіметінің Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестиция салалары бойынша өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға қолдау білдірді.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156888/)