Украинадағы геосаяси ахуал оның өзге мемлекеттермен экономикалық байланысына да кері әсер етіп жатыр. Мысалы оның Қазақстанмен арадағы тауар айналымы биыл 38%-ке төмендеген. Кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, еліміз Украинаға 36 млн долларға тауар экспорттаған. Оның ішінде 29 млн долларға пропан, бутан және өзге де сұйытылған газ сатылды. Ал Украинадан импорт үлесі 63%-ке азайып отыр. Бұл елден ет, нанмен бірге ауылшаруашылығы көліктері, сүт өнімдері импортталатын. Олардың үлесі қазір 55-67%-ке қысқарды. Былтыр еліміз Украинадан 2,3 млн долларға дәрі-дәрмек сатып алған. Алайда биыл импорттамаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украина мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 38%-ке төмендеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156904/)