Халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге бөлінеді. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. 1 млн-нан аса бюджет саласы қызметкерінің, квазимемлекеттік сектордағы өңдірістік қызметкерлердің жалақысы өсетінін жеткізді. 100-ден аса ірі кәсіпорынның жанынан шағын және орта бизнес белдеулері құрылады. «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларының қатысушыларына 1 млн 225 мың теңгеге дейін гранттар бөлінеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ералы Тоғжанов: Халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге бөлінеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156905/)