Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, республикалық маңыздағы бірнеше жол жабылды.
Ауа райы бұзылып, жол көрінбегендіктен Бейнеу – Сай- Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау тас жолында көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды. Бұған дейін Қазақстанның бірқатар облысында, соның ішінде Батыс Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінде дауылды ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында шаңды дауылдан жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156959/)