Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады. Испанияда Вильярреал ағылшындық Ливерпуль командасын қабылдайды. Бір апта бұрын Энфилдте өткен бірінші ойында Юрген Клопптың шәкірттері 2-0 есебімен басым түскен еді. Қызылдардың финалға өтуге мүмкіндігі көп. Футбол сарапшылары да Ливерпуль командасы жеңіске жетеді деген болжам айтып жатыр. Ойынды бүгін түнгі сағат 12.50-де Қазақстан және Қазспорт арналарынан тікелей эфирде көре аласыздар. Ал ертең Реал-Мадрид – Манчестер сити кездесуі өтеді. Бұл матчты да біздің арна тікелей эфирде көрсетеді.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157002/)