Елімізге жаңа мұнай кен орындары қажет. Сондықтан алдағы 10 жылда 2 мың шаршы шақырым жерде геологиялық барлау жұмыстары жүріп, 50-ден астам ұңғыманы бұрғылау көзделген. Бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздегі қорлар сарқылып, кен орындарында өндіріс көлемі азайып жатқандығын хабарлаған еді. Сондықтан геологиялық зерттеулерді жандандыру үшін 2021-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленген. Онда әсіресе мұнай іздеуге басымдық беріліп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізге жаңа мұнай кен орындары қажет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157024/)