Павлодар облысы әкімдігі екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беретін болды. Майдангерлермен кездескен өңір басшысы бұл жаңалықты өзі жеткізді.
Қайыр Хасенов 1943-ші жылы соғысқа алынған. Ол кезде жасы 18-ге толмапты. Майдан жолын Украинадан бастап Берлинде аяқтаған. Одан кейін Маньчжуряны азат етуге қатысты. Бейбіт өмірде мұғалім және атқарушы органдарда қызмет атқарды. Қазір Ертіс-Баян өңірінде көзі тірі 18 ардагер қалды. Олардың алды 103 жасқа келсе, ең кішісі 94-те. Аймақ басшысы майдангерлердің үйіне арнайы барып, құттықтайтынын айтты.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысы әкімдігі екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беретін болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157098/)