Қытай астанасы Бейжіңде ондаған метро станциясы жабылып, автобустар тоқтады. Мақсаты – коронавирустың таралуын тежеп, Шанхайдағыдай миллиондаған адамды карантинге жабуға жол бермеу.
«Рейтер» агенттігінің мәліметінше, 40-тан астам метро станциясы мен 158 автобус бағыты жабылған.
Кейінгі күндері Бейжіңде тәулігіне ондаған адамнан ковид анықталып жатыр. Осыған байланысты мегаполистің 16 ауданының 12-сінде тұрғындар екінші рет жаппай тесттен өтуді бастады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытай астанасы Бейжіңде ондаған метро станциясы жабылып, автобустар тоқтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157106/)