Еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Маңғыстау, Түркістан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Ал Батыс Қазақстан облысында жылдамдығы 15-20 м/с жететін қатты жел соғады. Ақтөбе облысын қалың тұман басады. Нөсер жаңбыр салдарынан Алматының таулы аймақтарына жақын орналасқан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157131/)