АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені бірден 50 базалық пунктке көтеріп, 1 пайызға жеткізді. Оның мақсаты шарықтап бара жатқан инфляцияны бақылауға алу. Еске салсам Америка орталық банкі несиелік үстемені 2000-жылдан бері алғаш рет осынша дәрежеге жоғарылатып отыр. Кей сарапшылардың пікірінше, пайыздық ставканың бұлай өсуі дамушы мемлекеттердің шетелден қарыз алу мүмкіндіктерін шектеп, долларды қымбаттатады. Сондай-ақ, ұлттық валюталарды әлсіретіп, экономикалық дамуын тежейді. Тіпті жұмыссыздық проблемасын ушықтыруы мүмкін.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені бірден 50 базалық пунктке көтеріп, 1 пайызға жеткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157187/)