Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейтінін еске салды.
Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Отан қорғау - қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшейтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сардарлар мен сарбаздарға ризашылығымды білдіремін,- деді Президент.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157293/)