Партиялықтар қатарына тележурналист Мақсат Толықбай, «Talap» Акционерлік қоғамының президенті Олжас Ордабаев, «Қазақстан Халқына» Қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева қосылып, жалпы бизнес, үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді жастар «Amanat»-қа мүше болды. Атқарушы хатшы Асхат Оралов «Amanat»-тың трансформациялауға қатысты жобаларын сапалы іске асыруға партияның жаңа мүшелері өз үлесі мен тың идеясын қосады деген сенім білдірді. Ал партия қатарына қабылдау «Amanat»-тың барлық өңірдегі филиалдарында өтіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Amanat» партиясының қатары толықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157420/)