Финляндия үкіметі кешікпей НАТО-ға мүше болуға ниетті екенін ресми түрде жариялады. Бұл туралы Ел президенті Саули Ниинистё мен премьер-министр Санна Марин мәлімдеме жасады. Ал, «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Финляндия Солтүстік атлантикалық альянсқа мүшелік туралы өтінішті парламенттен рұқсат алып келесі аптада Брюссельге жіберуі мүмкін. Сәрсенбі күні британ премьер-министрі Борис Джонсон Швеция мен Финляндияға қауіпсіздік кепілдігін беретінін мәлімдеді. Финляндияның Ресеймен арадағы шекарасының ұзындығы - 1340 шақырым. Украинада әскери қақтығыс басталғаннан кейін фин қоғамында НАТО-ға өтуді қолдайтындар көбейіп келеді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Финляндия үкіметі кешікпей НАТО-ға мүше болуға ниетті екенін ресми түрде жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157490/)