Ақтөбеде бір тәулікте мөлшерден үш есе көп жауын жауған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде бір тәулікте мөлшерден үш есе көп жауын жауған

16.05.2022

Ақтөбеліктер екі күннен бері нөсер жаңбырмен алысып әлек. Бір тәуліктің өзінде мөлшерден үш есе көп жауын жауған. Салдарынан көшелерді су басып, көлік қатынасы қиындады. Екі мектептің оқушыларға онлайн оқуға мәжбүр болды. Жағдайды Жасқыбек Кемал баяндайды.

Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл қаланың көлік көп өтетін көшелерінің бірі. Көріп тұрсыздар, жаңбыр суы әлі тазартылмаған. Ал, жаяу жүргіншілерге тіпті қиын.

Нөсер жауынға облыстық балалар ауруханасының төбесі де төтеп бере алмады. Мына кадрлардан қыш тақтайшалардың құлап жатқанын көруге болады. Сондай-ақ бүгін екі мектептің балалары онлайн оқуға жіберілді. Жол ми батпақ болғандықтан автобус бара алмаған.

 Гүлнәз Мырзағалиева, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:
34 оқушы 76-сыншы мектептің, Бекқұл баба-1 және 2 тұрғын үй алабына қатынайтын балалар қашықтан оқытуға көшірілді.

Бұл қаладағы ірі супермаркеттердің бірі. Шытыры нөсерге шыдамай, сорғалаған су іштегі азық-түлікті жарамсыз етті. Сондай-ақ, «Есет батыр» шағын ауданындағы бірнеше үйдің төбесі де сыр берді. Қолданысқа берілгеніне 3-4 жыл ғана болған үйдің тұрғындары түнімен тамшымен алысып шыққандарын айтады.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, су соруға 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Ал, синоптиктер «мамыр айы соңына дейін жауын-шашын болады», - дейді.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу