Шығыс Қазақстанда бала тасымалдау ережесін бұзған 717 жүргізуші жауапқа тартылды. Өңірде тәртіп сақшылары 25 сәуірден бастап «Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр.
Мақсат – балаларға қатысты жол апатының алдын алу, оқушылардың жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын бекіту. Полицейлер оқушыларға арнайы жадынамалар мен нұсқаулықтар таратты. Әр мектепте қозғалыс қауіпсіздігі бұрыштары қойылған. Сондай-ақ, жол полициясы бөлімшелерінің посттары оқу орындарына барынша жақын орналастырылды. Департамент қызметкерлері өңір тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда абай болуға шақырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда бала тасымалдау ережесін бұзған 700-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157705/)