Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 232 мыңға жетті. 6 адам қайтыс болған. Елде вирус тарап жатқаны туралы ақпарат өткен аптада тарай бастады. Содан бері инфекция 1 миллион 720 млн адамнан анықталған. Ондаған тұрғын қаза тапты. Бастапқыда індет «белгісіз безгек» деп аталып, кейін оның коронавирус екені расталды. Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын тұрғындарға вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті жеткізу үшін әскерилерді жұмылдыру туралы шешім қабылдады.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Кореяда дәрі-дәрмек жеткізуге әскерилер тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157772/)