Онлайн саудаға сұраныс жоғары. Биыл электрондық төлем айналымы 43%-ке өсіп, 19 трлн теңгеден асқан. Былтырмен салыстырғанда банк картасы не мобильді аударым арқылы сауда жасайтындар бірнеше есеге көбейген. Nasdaq америкалық қор биржасының дерегіне сүйенсек, енді 20 жылдан соң барлық төлемнің 95%-ы интернет арқылы жүзеге асады. Ал Қазақстанда онлайн төлеммен бірге электрондық коммерция да қарқынды өсіп жатыр. Мәселен, төрт жыл бұрын онлайн сауданың үлесі небары 2,9% болса, қазір 3-4 есеге дейін артты. Расымен, киім, азық-түлік, шаруашылыққа арналған тауар, тіпті дәріге дейін сауданы онлайн жүргізетіндер көп.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл электрондық төлем айналымы 43%-ке өсіп, 19 трлн теңгеден асқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157818/)