Түркияның Стамбул қаласында бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында отандасымыз Алуа Балқыбекова финалға жолдама алды.
48 келіде жұдырықтасқан қазақ спортшысы жартылай финалда болгариялық Севда Асенованы 1-ші раундта нокаутқа жіберді. Сонымен қатар, кеше Қазақстан қоржынына 4 бірдей медаль түсті. 52 келіде Жайна Шекербекова, 54 келіде Дина Жоламан, 57 келі салмақта Карина Ибрагимова және 70 келіде Валентина Хальзова әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова финалға жолдама алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/157883/)