Қызылорда облысында Конституция күні қарсаңында қос мектеп пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында Конституция күні қарсаңында қос мектеп пайдалануға беріледі

24.08.2014
Қызылорда облысында Конституция күні қарсаңында қос мектеп пайдалануға беріледі

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Жаңақорған ауданында екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

ҚР Конституциясы күнін Жаңақорған жұртшылығы да өзіндік сән-салтанатымен атап өтпекші. Бұл үшін арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, оны аудан әкімі С.Тәуіпбаев бекітті.

«Жоспарға сәйкес шаралар 26-шы тамыздан басталады (дөңгелек үстелдер, кездесулер, кітап көрмелері, спорттық сайыстар, ашық есік күні, суретшілер байқауы т.б). Кент орталығының басты көшелері мерекеге сай безендірілуде. Ең бастысы көлемді шарамыз бұл «Ата заң әділдіктің ақ тұмары» атты мерекелік салтанатты кеш пен «Ата Заңым - айбарым» атты көпшілік серуені. Одан өзге атаулы мереке қарсаңында Жайылма ауылында 250 орындық №195 мектеп, Құттықожа ауылында 200 орындық №164 мектеп пайдалануға берілмекші»,- дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов.

Хабарламаларға жазылу