Қазақстандықтардың 72 пайызы конституциялық түзетулер бойынша референдум өткізу идеясын қолдайды. Мұны әлеуметтік онлайн-сауалнама нәтижесі көрсетті. Орталық коммуникациялар қызметі халықтың алдағы саяси шараға деген көзқарасын, жалпы қоғамның пікірін саралап отырады. Соңғы сауалнамаға қатысқандардың 78 пайыздан астамы, референдум 5 маусымда өтетінін біледі. 69 пайызға жуығы дауыс беруге баруды жоспарлап отыр.
Халық арасындағы сауалнама нәтижесі:
72,01 % - референдум өткізу идеясын қолдайды
78,52 % - референдум 5-ші маусымда өтетінін біледі
68,92 % - референдумға қатысуды жоспарлап отыр
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтардың 72 пайызы референдум идеясын қолдайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158099/)