![Шымкенттегі Дінмұхамед Қонаев мұражайы жөндеуді қажет етеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77417.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Шымкенттегі мұражайы жөндеуді қажет етеді.
Осыдан 9 жыл бұрын ашылған мұражайдың шатыры ұшып, төбесінен су аға бастаған. Қабырғалары түсіп, едендері ескірген. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, ғимарат ашылғалы бері бірде-бір рет жөндеу көрмепті.
Мұндағы 300-ден астам экспонат пен 1000-нан аса еңбектің су астында қалатын түрі бар.
Айнұр АҚБАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкенттегі Дінмұхамед Қонаев мұражайы жөндеуді қажет етеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15812/)