Ақтауда мектеп түлектеріне мейрамханаларда кеш өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева хабарлады. Оның айтуынша, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді шақыруға, көліктер жалдап, көшеде экскурсия өткізуге болмайды. Сондай-ақ, қаражат жинап, мұғалімдерге сыйлық беруге де рұқсат жоқ. Мектеп бітіру кешін мектепте және білім беру ұйымдарында ғана өткізуге рұқсат. Биыл өңірде 7 жарым мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда мектеп түлектеріне мейрамханада кеш өткізуге тыйым салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158137/)