Елордада алда өтетін референдумда дауыс беру тәртібі мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтуде. Онда азаматтарға республикалық науқанға қатысудың маңызы мен ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, референдумға атсалысуға ниет білдірген тұрғындарға жергілікті атқарушы орган өкілдері ел конституциясына енетін өзгерістер мен толықтырулар жайында кеңінен мәлімет берді. Жиылған жұртшылық спикерлерге көкейдегі сан сауалдарын жолдады. Мәселең, референдум қарсаңында үгіт-насихат жүргізу тәртібі референдум туралы заңды бұзғаны үшін қандай жауапкершілік көзделетіні жайлы сұрақтар келіп түсті. Сондай-ақ, референдум кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау мен азаматтардың тізімдерін референдум комиссиясына беру жөніндегі жұмыстардың барысы пысықталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада референдумда дауыс беру тәртібі мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158147/)