Зейнетақы қорына қосымша 5% жарна төлеу бейресми жұмыс істейтіндерді көбейтеді. Осылай деген Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қазір бизнестің 5 түрлі төлем жасайтынын айтты. Бұл – жеке табыс салығы, әлеуметтік төлем, зейнетақы қорына жарна, әлеуметтік сақтандыру мен медициналық сақтандыру қоры. Олардың жалпы жүктемесі 34%. Келер жылдан бастап жұмыс берушілер зейнетақы қорына қызметкер табысының 5% мөлшеріндегі жарнаны өз қаражаты есесбінен төлейді. Палата өкілдерінің айтуына қарай, талап енгізілсе, кәсіпкерлер жұмысшы жалақысын 5%-ға төмендетуі мүмкін. Сонымен бірге көлеңкелі бизнеске көшетіндер көбейеді деп қауіптенеді. Олар табысын жасырып жұмыс істейтіндер онсыз да көп деп санайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зейнетақы қорына қосымша 5% жарна төлеу бейресми жұмыс істейтіндерді көбейтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158187/)