Бразилияда полицейлердің есірткі тасымалдаушыларға қарсы арнайы операциясы кезінде 21 адам оққа ұшты. Мерт болғандардың арасында бір жазықсыз әйел бар. Оған абайсызда оқ тиген. Ал қалғандары - есіртік тасымалымен айналыстан қылмыстық топ мүшелері. Олар полицияға қарсылық танытып, автоматтан оқ атқан. Оқиға Рио-де-Жанейроның кедейлер тұратын ауданында болды. Куәгерлердің сөзінше, атыс таңғы сағат 4-те басталып, тұрғындар арасында қорқыныш пен үрей тудырса керек. Полиция операция барысында қылмыскерлерге тиесілі мылтықтар, тапаншалар мен гранаталарды тәркілеген.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилияда арнайы операция кезінде 21 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158243/)