Үш мың жыл бұрын қазақ жерінде асық ойыны болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш мың жыл бұрын қазақ жерінде асық ойыны болған

26.08.2014
Үш мың жыл бұрын қазақ жерінде асық ойыны болған

Үш мың жыл бұрын қазақ жерінде асық ойыны болған. Қола дәуіріне жататын қорымдарды қазған археологтар бүгін осындай мәлімдеме жасады.

Жуырда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің археологтары Шығыс Қазақстан өңіріндегі Тоқтамыс ауылының маңындағы 4 қорымды қазған.

Тас жәшіктерге жерленген адам сүйектерінің аяқ жағынан асықтар табылған.

Адамның және жылқының сүйектері Лондондағы зертханаға жіберілді.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу