Жарылғыш затты біреулер мешіттің мінберіне жасырып кеткен. Шабуылдан 6 адам қаза тауып, 22-сі жараланғаны белгілі болды. Бейсенбінің кешінде Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласында кемінде үш жарылыс болған. Микроавтобустарға қойылған бомба іске қосылғанда, 10 адам жантәсілім етті. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, соңғы жарылысты ДАИШ тобы өз мойнына алды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кабулдегі мешіттердің бірінде жойқын жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158310/)