«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел болашағын бірге айқындайық». Алматылық заңгер, сарапшылар азаматтарды референдумда таңдау жасауға шақырды. Олардың сөзінше, ата заңға енгізілетін өзгерістер жаңа Қазақстанды құрудың алғышарттары.
5 маусым күні өтетін саяси науқан қарапайым сайлау форматында өтеді. Бүгінде Алматыда 574 участке қарастырылып отыр. Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталады. Түрлі себептермен участкеге келе алмайтын немесе мүмкіндігі шектеулі жандар үйлерінде отырып-ақ өз таңдауларын жасай алады. Ол үшін арнайы мамандар жұмыс істейді.
Өмірәлі Жалаири, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия мүшесі, заң ғылымдарының докторы:
Конституцияда биліктің қайнар көзі халық деп жазулы тұр. Халық мемлекетті басқаруға қатысуы керек өзі. Сол қатысудың бір түрі осы - референдум. Мен халықтың 80 пайызы мақұлдап, соған қатыса ма деген ойым бар.
Нұрсұлтан Тілектесов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әрбір азаматтың дауысы маңызды - заңгер&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158322/)