Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты құрылыс бөлімінің басшысы 222 млн теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.
Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыс дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ал Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары 4 млн теңге пара алған жерінен ұсталды. Ол құрылыс компаниясының директорынан мемлекеттік сатып алу шартын жасауға байланысты қомақты қаржы алмақшы болған.
Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмолада 222 млн теңге жымқырған құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158448/)