Бразилияның солтүстік-шығысында нөсер жауын кезінде 44 адам қаза тапты. Құрбандардың көбі - Ресифи қаласының тұрғындары. 56 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Тағы ондағаны жараланды. 4 мыңға жуық бразилиялық үйсіз қалған. Жауын жұма және сенбі күндері толассыз жауып, соңы алапат тасқынға ұласты. Айта кетері - былтыр Бразилия қуаңшылықтан зардап шеккен еді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилияда табиғи апат құрбандарының саны 44-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158488/)