Непал армиясы ұшақ құлаған жерге жетті. Апат орнынан 14 адамның денесі табылған. Ұшақ бортында барлығы 22 жолаушы болды. Олардың екеуі германиялық, төртеуі үндістандық, қалғаны - непалдықтар. Лайнер туристік Покхара қаласынан көкке көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң радарлардан жоғалып кетті. Лайнердің құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Себебі сол уақытта күн бұлтты болып тұрған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Непалда лайнер құлаған жерден 14 адамның денесі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158517/)