Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйде газ жарылып, 1989 жылғы ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға бірінші қабаттағы пәтерде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болған.
Дүмпудің қатты болғаны соншалықты, 1-қабаттан 5-қабатқа дейінгі шынылар сынып, пәтерлердің бөлмеаралық қабырғалары қақырып, есіктері зақымданған. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жарылыс болған үй тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Қазір оқиға орны тексеріліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде тұрғын үйде газ жарылып, бір адам ауруханаға жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158535/)