Непал әскері ұшақ құлаған жерге жетті. Апат орнынан 20 адамның денесі табылған. Әуе кемесінің бортында барлығы 22 жолаушы болған. Олардың екеуі германиядан, төртеуі үндістаннан, қалғаны - непалдықтар. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, жоғалған екі адамның тірі табылуы екіталай. Лайнер туристік Покхара қаласынан көкке көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң радарлардан жоғалып кеткен. Оның құлауына қолайсыз ауа-райы себеп болуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Непалдағы ұшық апаты: Лайнер құлаған жерден 20 адамның денесі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158546/)