Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйде газ жарылып, 1989 жылы туған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға бірінші қабаттағы пәтерде, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Дүмпудің қатты болғаны соншалық 1-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейін шынылар сынып, пәтерлердің бөлме аралық қабырғалары үгітіліп, есіктері бүлінген. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жарылыс болған үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Қазір оқиға орны тексеріліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйде газ жарылып, бір ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158548/)