Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады.
Алмасадам Сәтқалиев президентке «Самұрық-Қазына» қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берді. Онда маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы мен ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары барысын баяндады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» компаниясының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158551/)