Елімізде прокурорлық қадағалау тәртібімен өткен ғасырда қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мыңнан астам азамат ақталды. Олардың көбі кезінде жер аударылған және күштеп көшірілген. Бұл туралы Мемлекеттік хатшының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелері туралы берген сұхбатында айтылды.
Ерлан Кариннің мәліметінше, 2020 жылы құрылған мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарында 316 сарапшы-ғалым бар. 261 адам жабық мұрағаттарда жұмыс істеген. Архив материалдарын іздеу мен талдаудың тиімді жүйесі жасалған. Құпиясыздандырылған құжаттар ғылыми тұрғыдан өңделіп, цифрлық форматқа көшірілуде. Алдағы уақытта қуғын-сүргін бойынша тарихи материалдарды бір жерге топтастыратын арнайы портал құру көзделіп отыр.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мың адам ақталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158576/)