Жапонияның Окинава аралын алапат тасқын жайлады. 300 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тағы 200 мыңдай адам эвакуацияланады.
Ауа-райы мамандарының болжамына сай, Окинаваның орталық және оңтүстік бөліктерінде бүгін де жаңбыр жауып, тасқын жүреді. Теңізде көтерілген толқын биіктігі 2 метрге жетуі мүмкін. Сонымен бірге құйын көтерілуі ықтимал деген ескерту жасалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда алапат тасқын: 500 мыңдай тұрғынға көшу туралы бұйрық берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158645/)