Шығыстағы Шемонайха ауданында қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерлері мінген жеңіл көлік аударылып қалды. Апат салдарынан оқиға орнында 1 адам қайтыс болып, 3-і жарақат алған.
Олар аудандық ауруханаға жатқызылды. Екеуі басынан жарақат алып, миы шайқалған. Ал үшінші азаматтың аяқ-қолы мен кеуде сүйегі сынған. Дәрігерлер үшеуінің де жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Жол апатына ұшыраған азаматтардың ОВ156/6 мекемесінің қызметкерлері екені анықталды. Оқыс оқиғаға қатысты тергеу, тексеру басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында көлік апатынан 3 адам жараланып, 1 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158657/)