![Қостанайда Конституция Күні жұма мен сенбі күндері тойланады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77444.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Конституция Күніне байланысты мерекелік шаралар 29-шы тамызда басталады. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов мерекелік жиналыс өткізеді.
Сенбі күні «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң» атты шара өтеді. Сол кезде «Кедергісіз болашақ» автокеруені аяқталады. Естеріңізге сала кетейік, 25 тамыз күні мүмкіндігі шектеулі жандар қолмен басқарылатын автокөліктермен Қостанайдан шыққан болатын. 5 күннің ішінде олар Қостанай-Қорған-Түмен-Екатеринбург-Челябі-Троицк бағытымен жүріп өткен. Мереке күні оларды қала тұрғындары қарсы алып, құтықтайды.
Мерекелік шаралардан басқа қалада спорттық жарыстар да ұйымдастырылады. ҚР ІІМ Академиясында қоян-қолтық ұрыстан қала чемпионаты өтеді. Ал, шахмат клубында шахматтан қалалық турнир болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда Конституция Күні жұма мен сенбі күндері тойланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15868/)