Елорадада Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінен 30-дан астам мектеп оқушылары келіп, оларға танымдық экскурсия өткізілді. Шараға арнайы шақырылған оқу озаттары мен зияткерлік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары әуелі «Ақорда» резиденциясын аралады. Сондай-ақ, Бәйтерек монументіне шықты. Балалар ертең Елорданың басқа да көрікті жерлерін тамашалап, мәдени орталықтарын аралайды.
Сындар Мұратқызы, Нұр-Сұлтан қаласы білім беру жаңғырту орталығы басшысының орынбасары:
Мұндай іс-шаралар балаларымыздың осы елдің азаматы екендігін, олардың болашақта осы ел үшін үлкен рөл атқаратындарына сенім береді.
Ақмаржан Ғафизқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балалар ақорданың ішіне экскурсия жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158697/)