![Конституция күнінде ауа райы жылы болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77445.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда Конституция күнінде ауа райы жылы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы. «28-ші тамыздан бастап ауа температурасы 23-28 градусқа көтеріле бастайды, ал кей жерде 33 градус болады. Мереке күндері ауа райы жылы болады», делінген хабарламада.
Еске сала кету керек, алдағы мереке күндері қазақстандықтар үш күн – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында ауа райы құбылмалы болуы ықтимал. Қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Сондай-ақ, желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді, деп күтілуде. Ауа температурасы 23-28, кей жерде 18 градус болады.
Ал елдің басқа аймақтарында жауын-шашын болып, солтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде 5-13 градусқа төмендеуі мүмкін. Күндіз 15-22 градус жылы болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Конституция күнінде ауа райы жылы болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15870/)