«Ауыл» партиясының өкілдері мен оның жақтастары референдумды қолдайды». Қостанайда өткен кеңейтілген кеңесте аталмыш саяси ұйымның мүшелері осылай деді. Басқосуға партияның әртүрлі салада қызмет ететін 100-ден аса мүшесі жиналды. Ата заңға енгізілгелі жатқан өзгерістерге шолу жасап, елдің дамуына ықпалы талқыланды. Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту - билікті әртараптандыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде демократия қағидаттарының орнығуына жол ашпақ.
Ғайния Есеева, облыстық Мәслихат депутаты:
Ата заңға енгізілетін өзгерістерде партияның дербестігіне, халықтың ұсыныстарына көп көңіл бөлінген деп санаймын. Партиялардың тіркелуіне көп жеңілдік жасалған. Олардың тіркелу саны бойынша көптеген өзгерістер енгізіліп отыр.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Референдум: Қостанайда «Ауыл» партиясы өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158714/)