Бүгін бірқатар өңірде ауа температурасы -2 градусқа төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Солтүстік антициклонның әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, күн суытады. Тек оңтүстік пен шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Республика бойынша жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік аудандарда тұман түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазгидромет: Бүгін бірқатар өңірде 2 градус үсік жүреді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158720/)