Футболдан «Финалисма 2022» чемпионатында Оңтүстік Америка кубогының жеңімпаздары Аргентина командасы чемпион атанды. Ақтық бәсекеде Еуропа чемпиондары - Италия құрамасымен кездескен ойын 3-0 есебімен аяқталды.
Бірінші таймның 28 минутында Мессидің қапталдан берген пасын Лаутаро Мартинес сәтті пайдаланып, матчтың алғашқы есебін ашты. Ал бірінші таймның аяқталар тұсында Анхэль Ди Марияның қақпаға бағыттаған соққысы есепті 2:0-ге жеткізді.
Ойынның соңғы нүктесін аргентиналық ойыншы Пауло Дибала қойып, есепті 3:0-ге жеткізді. Осылайша Аргентина құрамасы «Финалисманың» жаңа кубогын иеленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Финалисма- 2022: Аргентина құрамасы чемпион атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158721/)