Қызылордада полицейлер атыс қарулары жасырылған орынды анықтады. Тапанша, шолақ мылтық пен бірнеше оқ қала шетіндегі далалық жерден табылған.
Сондай-ақ қару көмілген жерден асхана пышағы, күштік құрылымдардың арнайы құралдары, каска, резеңке таяқ, темір кісен және қызметтік киім де шыққан. Бұл Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақ болуы да мүмкін. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері олардың нақты кімге тиесілі екені анықтап жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада далада жасырылған қару-жарақ табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158726/)